Баланы қалай тамақтандырған дұрыс?


Баланы емізген кезде қолыңызға дұрыс ұстайсыз ба?

  1. Баланы қолыңызға алып, ыңғайланып отырыңыз.

  2. Емшектен бір тамшы сүт тамызып алып, емшектің ұшын баланың төменгі ернінің бойымен жүргізіңіз.

  3. Бала аузын ашқанша күтіңіз.

  4. Емшекті баланың төменгі ерні емшектің ұшынан төмен болып тұратындай етіп оның аузына салыңыз.

  5. Бала емшекті аузына дұрыс салғанын тексеріңіз: оның ерні сыртқа шығып, тура ұшын соруы тиіс.

  6. Бала емшек еміп жатқанда сізді ауыртпауы керек.

Сүттің тұрып қалуына қалай жол бермеуге болады?

Сүт алғашқы аптада, сүт пайда бола бастаған кезде тұрып қалуы мүмкін. Осы уақыт аралығында баланы екі емшегіңізбен де жиі-жиі тамақтандыруға тырысыңыз. Тамақтандырмау – сүттің тұрып қалуына әкеп соғады. Егер тамақтандыру уақыты жақындағанда балаңыздың қасында бола алмасаңыз, емшектің сүтке толып қалуына жол бермес үшін сүтті сауып тастаған жөн. Егер баланы емізбесеңіз, сүт емшектен шықпағандықтан, тұрып қалуы мүмкін. Сауу техникасы бойынша көмекке жүгініңіз немесе сүт сауғыш құралын қолданыңыз.