Балаңыздың күн тәртібі


Күн тәртібін сақтау бала үшін өте маңызды, өйткені жүйке жүйесінің теңгерімділігін қамтамасыз етіп, қатты шаршаудан қорғайды. Таза ауада ұйықтаған өте пайдалы, бұл қорғаныс күшін нығайтып, зат алмасуын жақсартып, баланы тыныштандырады.

Әдетте, баланың қарны тамақтандырып болғаннан кейін 3-3,5 сағат сайын, тамақ асқазаннан шығып кеткен кезде ашады

Жаңа туылған нәрестенің ұйқысы қатты емес, сыртқы тітіркендіргіштердің әсерінен және қарны ашқанда бала тез оянып кетеді.