Сәбиіңіз қандай іс-әрекеттер жасай алатынын тексеріңіз!


Балалардың бір жасқа дейінгі өсіп-жетілу кезеңдері:

Өсіп-жетілу кезеңдері 1 ай 2 ай 3 ай 4 ай 5 ай
Сөйлеу Көңіл-күйі мен қажеттіліктерін жылау арқылы жеткізеді, қолға алған кезде тынышталады. Эмоционалдық тұрғыдан әртүрлі жылауы мүмкін. Күліп, гуілдей бастайды. Гуілдейді. Дауысты және кейбір дауыссыз дыбыстарды айта бастайды.
Моторлық Аяқ-қолдары жиырылып тұрады, ал қолының буыны жұдырықша жиналып тұрады. Етпетімен жатқан кезде басын жанына қарай бұрады, басын көтеруге тырысады. Сіздің бетіңізге, 30 см қашықтықта тұрған заттарға қарап тұрады. Басын жарық жаққа қарай бұрады. Аяқ-қолдары жазылады. Баланы қолыңызға алғанда басын ұстауға тырысады. Заттарға, адамдардың бет-әлпеттеріне барынша қарайды, оларды көзімен бақылайды. Дыбыстарға елеңдей бастайды, дауыс қатты шығып жатқан жаққа басын бұрады. Баланы қолыңызға алғанда басын мықтап ұстайды. Етпетімен жатқанда шынтағына сүйеніп, азғантай уақыт кеудесі мен басын көтеріп тұрады. Бала тік қалпында басын нық ұстайды. Шалқасынан жатқанда бір қырына қарай аунауды бастайды. Салбырап ілініп тұрған ойыншықтарды мықтап ұстап, олармен өз бетінше ойнай алады (сілкиді). Қолын қозғалтып,отыруға тырысады. Етпетімен жатып,шалқалап аунай алады.
Психо – эмоцио-налдық Жымиюды үйренеді. Еркелеткен кезде жымияды. Ұйықтау және ояу жүру режимі анықталады, бала түнде оянбастан 5-6 сағат ұйықтайды. Қоршаған ортасымен белсенді түрде танысуға тырысады. Саусақтарын және ойыншықтарды аузына салады. Күле алады, жымия алады, қаттырақ күле алады. Таныс және бейтаныс адамдарды жақсы ажыратады.
6 ай 7 ай 8 ай 9 ай 10 ай 11 ай 12 ай
Былдырлай бастайды. Алғашқы буындарды айта бастайды. Жаңа буындарды айтуды үйренеді, «мама», «папа» деп жиі айта бастайды. Қарапайым сөздерді айтуды үйренеді Дауыссыз дыбыстарды қайталайды (оның ішінде «ма-ма», «па-па»). Бірнеше қарапайым сөздерді жақсы айтады. 10-12 жай сөзді айтады, өзіне қарап айтылған сөзді түсінеді.
Бастапқыда сүйеніш арқылы, содан кейін өз бетінше азғантай уақыт отыра алады. Ішімен еңбектей бастайды. Өз бетінше отырады. Төрт аяқтап еңбектей бастайды. Жақсы еңбектейді. Сүйеніш арқылы тұруға тырысады. Нық отырады, сондай-ақ жатқан қалпынан өз бетінше отыруды, отырған қалпынан жатуды үйренеді. Сүйеніп тұрады, жүруге талпынады. Анасының қолынан ұстап немесе сүйенішке сүйеніп отыруды және секіруді үйренеді. Сүйеніш арқылы немесе ата-анасының қолдарынан ұстап жүреді. Тұрған қалпынан отырады. Музыка шыққанда билеуге талпынады Азғантай уақыт өз бетінше тұра алады. Бір қолымен сүйенішке сүйеніп немесе біреудің қолынан ұстап жүреді Бала өз бетінше тұрады және жүреді. Тамақтану барысында қасық пен кесені пайдалана алады.
Өзінің есімін біледі және шақырғанда қарайды. Өзіне таныс заттарды iздеуге талпынады. Айналада болып жатқан нәрселерге әртүрлі көңіл- күймен және сезіммен белсенді түрде жауап береді. Қоршаған әлемді белсенді түрде қызықтайды, заттарға ұзақ уақыт қарап тұрады. «Алақай» ойнап, «Сау болыңыз» деп қолын бұлғайды. Ересектердің қимыл- қозғалыстарына еліктейді, қолын бұлғайды, жәшіктен сүйікті ойыншықтарын алады. «Алақай», «Қарға», «Тығылмаш» ойнайды. Қарапайым өтініштерді түсінеді және орындайды. «Болмайды» деген сөзді түсінеді. Мақұлдау немесе бас тарту белгісі ретінде басын изейді.