Өсіп-жетілу кезеңдері


Алғаш рет үйде

Сәбиіңізге жайлы жағдай жасау үшін көтеріңкі көңіл-күй мен бар күш-жігеріңізді жұмсаңыз:

  1. бала жатқан бөлменің температурасы 22-24°С болу керек;

  2. бөлмеде артық шуыл болмау керек;

  3. шаң жиналуы мүмкін зат беттерін барынша азайтуға тырысыңыз (кілемдер, жұмсақ ойыншықтар және т.б.);

  4. бөлмені үнемі желдетіп отыру керек (тәулігіне кемінде 5 рет), өйткені ересектерге қарағанда кішкентай бүлдіршіндерге оттегі көбірек қажет.

Әрбір күн жаңалықтарға толы!

Бала өмірінің алғашқы бір жылы – ең қанық әрі күрделі кез. Сәби жылдам өсіп, салмағы қосылады, жаңа қимыл-қозғалыстарды үйреніп, қоршаған әлемді тани бастайды, жеке мінез-құлқын қалыптастырады. Бірінші жылы орталық жүйке, асқорыту, эндокринді және иммундық жүйелері белсенді түрде құрылуын жалғастырып, тірек-қимыл аппараты дамиды.

Өмірінің алғашқы айларында баланың өсіп-жетілуін көптеген мамандар бақылап отырады, олар сіздің тарапыңыздан туындаған сұрақтардың бәріне жауап беруге әрқашанда даяр. Десе де, бірде-бір маман баланы дәл ана секілді толық біле бермейді.

Босанғаннан кейін небәрі бірер апта өткен соң баланың өсіп-жетілуі және оның көңіл-күйіне қатысты мәселелердің нағыз сарапшысы атанасыз.