Ұсақ моториканы дамытуға арналған жаттығулар


«Грек жаңғағы» жаттығуы

Бала алақанының арасына жаңғақ үйкейді: «Жаңғағы домалақ болсын деп, үйкелеймін отырып».

«Ара» жаттығуы

Бала сұқ саусағын өз осінің айналасымен кезекпен айналдырады.

«Тығылу» жаттығулары

Бала саусақтарын жазып, команда берілген кезде саусақтарын тығып, жұдырық қылып жинап алады.

«Адамдар» жаттығуы

Бала ортаңғы саусағымен және сұқ саусағымен үстелдің үстінде, салынған шеңбердің бойымен, тормен, әрбір торын басып, «қадамдап» жүреді.

«Қамыр» жаттығуы

Бала қолын 1 кг асбұршақ немесе үрмебұршақ төгілген кәстрөлге салып, қамырды қалай илейтінін көрсетеді

«Ағаштар» жаттығуы

Бала қолын көтеріп, алақанын өзіне қаратады. Содан кейін саусақтарын жазады, бұл – ағаштың ұшар басы

«Саңырауқұлақ теруге барамыз» жаттығуы

Шынашақ саусақтан бастап саусақтардың бәрін бүгеміз, содан кейін бір-бірден қайта жазамыз.

«Сәлем!» жаттығуы

Бала алақанын бір-біріне қарама-қарсы ұстап тұрады да, «бір» деген кезде бас бармақтарын, «екі» дегенде сұқ саусақтарын, «үш» дегенде – ортаңғы саусақтарын және т.б. біріктіреді.

«Сурет салу» жаттығуы

Бала түрлі түсті зат бетіне (поднос немесе түрлі түсті картон) шашылған жарманың үстіне саусағымен сурет салады.

«Саусақтар» жаттығуы

Бала бас бармағын сол қолындағы сұқ, ортаңғы, аты жоқ, шынашақтарымен кезекпен-кезек біріктіреді.