Баланың психо-эмоционалды саласын дамыту


Ойнаймыз — жетілеміз — оқимыз!

Ойын арқылы балаңыз әлемді таниды – айналадағы қоршаған ортамен танысады, қимыл-қозғалыстарын үйлестіруді үйренеді, дыбыстарды айтады, логикалық тұрғыдан ойланады, сөйлеседі. Баламен ойнау арқылы өзіңіздің сүйіспеншілігіңізді білдіресіз, әлем туралы жаңа білім бересіз, көңіл-күйін білдіртіп үйретесіз – осының бәрі тұлғаны қалыптасты- руға көмектесіп, болашақта мінез-құлқы мен өзін-өзі бағалауын қалып- тастыруға ықпал етеді.

Осы кезеңдегі ақыл-ойының дамуы қозғалыс бел- сенділігімен тікелей байланысты: балаңыз неғұрлым көбірек қозғалса, ақпаратты жылдам игеріп, жаңа жетістіктерге ұмтылады.