Ішін уқалау және гимнастика жасау


Баланың алғашқы жаттығуы – уқалау, яғни ана мен баланың әңгіме-дүкен құруына тағы бір негіз. Уқалау су процедураларының алдында және ұйықтар алдында жасалады. Бұл баланы босаңсытып, жүйке жүйесінің нығаюына көмектеседі. Профилактикалық уқалауды әрбір ана жасап үйрене алады

Сатылай уқалау. Туғаннан 6 айға дейін

  1. Пәтерден өкпек желі жоқ жақсы жерді таңдап алыңыз.
  2. Алақаныңызды үйкелеп, қолыңызды қыздырып алыңыз.
  3. Уқалау үшін балаларға арналған май немесе крем қолданыңыз.
  4. Уқалап болғаннан кейін баланы демалдырып алып, еркелете сөйлесіңіз.

Алақаныңызды қыздырыңыз. Алақаныңыздың сыртқы жағымен баланың ішін, қабырға астынан төмен қарай уқалаңыз. Қолыңыз бірінен кейін бірі, кезекпен қозғалуы тиіс.

Сол қолыңызбен баланың өкшесінен ұстап тұрыңыз. Оң алақаныңызбен ішін, қабырғадан бастап төмен қарай уқалаңыз.

Қолыңызды кіндіктің екі жағына қойып, бас бармағыңыздың беткі қабатымен ортасынан шетке қарай жүргізіңіз.

Алақаныңыздың сыртқы жағымен кіндіктің айналасын сағат тіліне сәйкес айналдыра отырып уқалаңыз.

Оң қолыңыздың алақанымен баланың ішін қабырға астынан төмен қарай уқалаңыз.

Оң қолыңыздың алақанымен баланың ішін оңнан солға және төменге қарай уқалаңыз.

Оң қолыңыздың алақанымен баланың ішін жоғарыдан төменге қарай, солдан оңға және төмен қарай уқалаңыз

Оң қолыңыздағы саусақтардың жұмсақ жерімен баланың ішіне солдан оңға қарай жүгіртіңіз. Қадам-қадаммен уқалау