Баланы шомылдыру

Егер педиатрдың өзге ұсыныстары болмаса, жаңа туылған сәбиді алғаш рет перзентханадан үйге келген күннің ертесінде шомылдыруға болады. Су процедуралары күн сайын, ата-аналарға ыңғайлы белгіленген уақытта жүргізіледі. Егер бала қырсығып тұрса немесе шаршаса, келесі күні шомылдырған дұрыс.

Баланы шомылдыру үшін мыналарды дайындап қою керек:

  1. Балаларға арналған шағын ванна

  2. Шаюға арналған
    құман немесе ожау

  3. Суға арналған термометр

  4. Сабындауға арналған
    жұмсақ түкті қолғап

  5. Орамал немесе төсек
    жаймасы

  6. Мақтаның тілімдері

  7. Таза жөргек

  8. Балалар гигиенасының
    құралдары

  9. Балаларға арналған таза ішкиім

Баланы шомылдыратын бөлменің жылы, өкпек желсіз екеніне, судың температурасы 37-37,5° С екеніне көз жеткізіңіз. Бірінші рет шомылдырғанда өте абай болу керек, баланың денесін шағын ваннаға салғанда бала сырғанап кетпес үшін оны әрдайым қолмен ұстап тұру керек. Сабынды баланың бетіне және көзіне, әсіресе, басын жуған кезде тигізбеуге тырысып, екінші қолыңызбен жуыңыз. Басын аптасына бір-екі рет қана жуған жеткілікті. Шомылдырған кезде балаларға арналған сабынды жиі қолдану теріні құрғатып жіберуі мүмкін.

Баланы ожаумен, жоғарыда айтылғандай температурадағы сумен шаю керек. Өмірінің алғашқы айынан кейін судың температурасын біртіндеп бір градусқа төмендете беріңіз.