«Сүтті» қабықшалар


Анасы баласының басынан сұр-сары қабықша немесе қабыршақты жиі байқайды. Бұл өзгерістер бала организмінің аллерги ялық бейімділігінің алғашқы белгілері (егер емшек емізсеңіз) болып табылады. Сіз өзіңіздің тамақтану рационыңызды талдап, баланың аллергиясын асқындыруға әсер ететін өнімдерді алып тастауыңыз керек. Егер балаңыз жасанды жолмен тамақтанатын болса, тамақтануды ықтимал түзетуге қатысты педиатрмен кеңесуіңізге болады.