Алғашқы тістер және оларға күтім жасау


Баланың алғашқы тістері 6-8 айда шығады. Тістерді жарып шығу мерзімдері әртүрлі сипатқа ие болуы мүмкін, алайда көбіне баланың кальциймен және D дәруменімен қамтамасыз етілуіне байланысты, егер олар тапшы болса, тістер уақытынан кеш шығып, олардың жарып шығу тәртібі бұзылуы мүмкін. Бір жаста баланың аузында үстіңгі төрт және астыңғы төрт тісі болу керек. Әдетте, сүтті тістердің қатары үш жасында толық қалыптасып болады. Үш жасына таман баланың 20 сүтті тісі болуы керек

Тіс шығып болды ма? Енді оны тазалау керек.

Алғашқы тістерге барынша күтім жасау керек! Міндетті түрде бала- ның өзінің щеткасы, уақыт өте келе балаларға арналған арнайы пастасы болу керек. Бастапқыда дәке сулығын немесе саусаққа ки- гізілетін щетканы қолдануға болады. 1-1,5 жастағы балалар тісін күніне бір рет тазаласа жеткілікті.

Есіңізде болсын: әрбір тісті қызылиектен жоғары қарай таза- лау керек. Баланы тісті тазалауға біртіндеп, жағымсыз сезім тудырмай, іс-әрекеттеріңіздің бәрін ойын түрінде көрсете оты- рып тазалауды үйрету керек

Сүтті тістер

Жоғарғы тістер Шығу мерзімі
Орталық күрек тістер 8-12 ай
Күрек тістер 9-13 ай
Сойдақ тіс 16-22 ай
Бірінші азу тiс 13-19 ай
Екiншi азу тiс 25-33 ай
Төменгі тістер Шығу мерзімі
Екiншi азу тiс 23-31 ай
Бірінші азу тiс 14-18 ай
Сойдақ тіс 17-23 ай
Күрек тістер 10-16 ай
Орталық күрек тістер 6-10 ай