Ана сүтінің маңызды компоненттері


Ана сүтінің құрамында пребиотиктер – олигосахаридтер бар. Ана сүтінің бейтарап олигосахаридтері ішектің пайдалы микрофлорасының (бифидо- және лактобактериялар) өсуіне әсер ететін маңызды фактор болып табылады.

Пребиотиктер

  1. Iшектің пайдалы микрофлорасының өсуіне әсер етеді

  2. Iшектегі патогенді микроорганизмдердің өсуін бәсеңдетеді

  3. Iшектің ішкі қабырғаларын қалпына келтіруге әсер етеді

  4. Емшек еметін балаға тән тамақтандыру жиілігі мен дәрет консистенциясын қалпына келтіреді

  5. Ең маңыздысы – мықты иммунитеттің қалыптасуына ықпал етеді

Ескерту! Пребиотиктердің әсері дозаға байланысты.

Халықаралық зерттеу мәліметтеріне сәйкес қоспаның әсерін ана сүтіне жақындататын балалар қоспасының құрамында болуы тиіс пребиотиктердің тиімді мөлшері 0,8 г / 100 мл құрайды.

Ана сүтінің құрамындағы маңызды компонент ақуыз болып табылады.

Ақуыз

  1. Баланың өсіп-жетілуін қамтамасыз етеді

  2. Организмде болатын көптеген процестерге қатысады

  3. Барлық органдарға оттегі жеткізуге қатысады

  4. Иммунитетті қалыптастыруға көмектеседі

Организмге ақуыз жетіспеген жағдайда организмнің көптеген функциялары дамымай қалады және бұзылады; ал шамадан тыс артық болса, бүйрек пен бауырға ауырлық түседі, метаболизмді бұзып, алдағы уақытта семіру, гипертония, қант диабетін асқындыруы мүмкін. Сондықтан да балалар қоспасының құрамында ақуыздың тиімді мөлшері болғаны маңызды.

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Еуропа агенттігінің сарапшыларының хабарлауы бойынша, пісіп-жетілген ана сүтінің 100 мл құрамында 1,3 г ақуыз болады. Ақуыздың дәл осындай мөлшері баланың алғашқы күннен бастап тиімді өсіп-жетілуін қамтамасыз етіп, зат алмасу аурулары асқынуының алдын алуға әсер етеді.

Ана сүтінің құрамында омега-3 және омега-6 тобының ұзын тізбекті полиқанықпаған май қышқылдары (докозагексаен және арахидон қышқылдары) бар.

Омега-3 және омега-6

  1. Иммунитеттің қалыптасуына көмектеседі

  2. Аллергияға қарсы әсері бар

  3. Бас миы мен көздің торы дұрыс өсіп-жетілуі мен қызмет етуіне қатысады

Сондықтан да емшек емізу мүмкін болмаған жағдайда балалар қоспасын таңдаған кезде осы сияқты маңызды компоненттердің болуына баса назар аудару керек

Баланың рационы дәрумендерге (А, Д, Е, К, В1, В6, В12, С дәрумені)

  1. темір

  2. мырыш

  3. мыс

  4. селен

  5. йод

Бұл микроэлементтер организмде болатын процестердің бәріне түгел дерлік қатысады.

Дәрумендер мен минералдардың тапшылығы баланың өсіп- жетілуінің айтарлықтай бұзылуына әкеп соғуы мүмкін.