Мазмұны

Баланың бауы берік болсын!


Әйтеуір тоғыз ай да өтті-ау! Аяқ-қолыңызды бауырыңызға алдыңыз, алда сізді жаңалықтарға толы қуанышты сәттер, әрине, барынша қамқорлық жасау күтіп тұр! Көптеген нәрсені біліп, көптеген істі үйренуіңізге тура келеді. Баланың денсаулығын қалыптастырудағы аса маңызды кезең бала өмірінің алғашқы 1000 күні, яғни бала біткен күннен бастап 2 жылға дейінгі уақыт болып табылады. Осы кезеңде баланың барлық органдары мен жүйелерінің негізі қаланып, қалыптасып, өседі. Алғашқы 1000 күнде баланың өмірінде орын алған жәйттардың барлығы болашақта денінің сау болып қалыптасуында маңызды рөл атқарады.