Mазмұны

Жаңа қоспаға біртіндеп ауысыңыз


Жаңа қоспаға ауысар кезде қоспаны балаға жеке бөтелкеде, әдеттегі қоспамен тамақтандырар алдында аз мөлшерден беріп бастаңыз. Жаңа қоспаның мөлшерін ұлғайтқан сайын әдеттегі қоспаның мөлшерін азайтыңыз. Жаңа өнімді түске дейін берген жөн, бұл баланың жаңа қоспаға деген реакциясын байқап, ықтимал аллергиялық белгілерді белгілеуге мүмкіндік береді.

Әдетте, баланы 2 деген саны бар қоспаға 6 айынан (±2 апта) бастап, 2-ден 3-ке – 12 айынан (±2 апта) бастап ауыстырады. Келесі формулаға ауысу кезінде де өнімді біртіндеп енгізу ережесін ұстанған жөн. Балалар тағамына арналған сүт қоспаларын дайындау тәсілін өнімнің қаптамасынан ала аласыз.

 

Жаңа өнімді енгізудің болжалған сұлбасы