Mазмұны

Тырнаққа күтім жасау


Жүзі жұқа және қорғаныс қақпағы бар, ұштары жұмырланған қауіпсіз қайшыны пайдаланған жөн. Тырнақты бала ұйықтап жатқанда алған дұрыс – жаңа туылған сәбилер күшті ұйықтайды және абайлап жасалған іс-әрекеттерді мүлдем сезбейді.

Тырнақты үнемі алу керек – бала өзінің қимыл-қозғалыстарын бақылай алмайтындықтан, тырнағы ұзын болса, бетті сырып кетуі мүмкін, сондай-ақ тырнақты тым қысқа етіп алуға да болмайды – бұл сәбидің тырнағын ауыртып жіберуі мүмкін.