Mазмұны

Тыныс алу жолына күтім жасау


Түнде баланың мұрнында шырыш жиналып қалады, бұл оның қалыпты дем алуына кедергі келтіреді. Егер шырыш сұйық болса, оны шығару үшін өсімдік майына малынған мақта білтесін қолданыңыз. Білтені мұрын жолына айналдыра қозғалтып отырып енгізеді, мұрыннан шығарғанда да осындай қимыл жасайды. Мұрын жолдарын жеке бұраумен тазартады. Егер шырыш құрғақ болса, теңіз суы негізді тамшыларды қолдана отырып, оны алдын ала жұмсартып алу қажет.