Mазмұны

Шап аймағына күтім жасау


Әрбір дефекация актісінен кейін міндетті түрде баланы ағып тұрған суға жуындырып алу керек. Бұл рәсімді бастамас бұрын міндетті түрде судың температурасын тексеріп алыңыз. Қыздарды міндетті түрде алдынан бастап артына қарай ағып тұрған суда қолмен жуу керек. Ұлдарды жуындырған кезде нәзік терісін зақымдап алмас үшін алдымен абайлап жұмыртқасы мен жыныс мүшесін, содан кейін анальдың аймағын жуыңыз. Жуындырып болғаннан кейін таза жаялықпен баланың терісін құрғатып, балаларға арналған ұнтақты немесе жөргектің астынан жағатын арнайы кремді қолданыңыз. Мұндай құралдардың құрамында болатын тальк артық ылғалды
сіңіріп алып, базданудың пайда болуының алдын алады.