Mазмұны

Серуендеуге арналған киім


Ауа райына қарай киінген жөн. Әрбір бала серуенге, ауа температурасына әртүрлі бейімделеді, сондықтан да киіндіру бойынша нақты ұсыныс беру мүмкін емес.

Киім таңдау, ең алдымен жыл мезгіліне және даладағы ауа райына байланысты болады. Көшеге шықпас бұрын терезеге, содан кейін градусникке қараңыз.

Аптап ыстық күні жаңа туылған сәбидің киіміне өте абай болу керек, өйткені сәби үшін тоңғанға қарағанда қатты ысу өте қауіпті.

Баланы киіндірмес бұрын жөргекті естен шығармаңыз.

Баланың ыстықтағанын оны шешіндірген кезде білуге болады. Егер серуендегеннен кейін баланың терісі қызарып кетсе, ал денесі қатты ысып тұрса, келесі жолы оны аздап жеңілдеу киіндіріңіз.

Әдетте, баланың тоңғанын мұрнынан ұстап көреді. Тоңып қалған баланың мұрны суық болады. Мұндай жағдайда өзіңізбен бірге артық жұқа көрпе ала жүрген жөн.

Баламен серуендеуге арналған киімді таңдау кезінде мына сұлбаны ұстанған дұрыс:

Егер градусникте 25 градус және одан жоғары болса, жұқа м/м киімі мен күннен қорғайтын жеңіл бас киім. Абай болыңыз, балаға күн сәулесінің тікелей түсуіне жол бермеңіз.

23 – 24 градус – 1-2 қабат киім: жұқа м/м киімі, жеңіл м/м костюмі, панамка немесе жеңіл бас киім, сондай-ақ м/м ұйық.

20 – 22 градус – 2 қабат киім: м/м киімі, жеңі ұзын м/м немесе тоқыма костюм, ұйық, м/м немесе тоқыма бас киім.

17 – 19 градус – 3 қабат киім: м/м киімі, м/м костюмі, жеңі ұзын тығыз тоқыма немесе жартылай жүннен тігілген костюм, ұйық, сондай-ақ жеңіл тоқыма бас киімі, жылы ұйық.

14 – 16 градус – 4 қабат киім: м/м киімі, м/м костюмі, жеңі ұзын жартылай тоқыма немесе жүннен тігілген костюм, жылы жемпір, жүннен тігілген ұйық, жартылай жүннен тігілген немесе тығыз тоқыма бас киімі,м/м және жүннен тігілген ұйық.

10 – 13 градус – 4 қабат киім: м/м киімі, м/м костюмі, жеңі ұзын жартылай тоқыма немесе жүннен тігілген костюм, м/м және жүннен тігілген ұйық, күздік комбинезон, м/м бас киім, жартылай жүннен тігілген немесе тығыз тоқыма бас киімі.

3 – 9 градус – 5 қабат киім: м/м киімі, м/м костюмі, жартылай жүннен тігілген немесе жүннен тігілген костюм, жылы жемпір, рейтуздар, жүннен тігілген ұйықтың 2 жұбы, күздік комбинезон, м/м бас киім, жүннен тігілген бас киім, қолғап, бөкебай.

-5 – +2 градус – 5 қабат киім: м/м киімі, м/м костюмі, тоқыма немесе жартылай жүннен тігілген костюм, жүннен тігілген жемпір, рейтуздар, жүннен тігілген ұйықтың 2 жұбы, қыстық комбинезон, тоқыма бас киім, жүннен тігілген бас киім, қолғап және бөкебай.