Mазмұны

Пайдалы кеңестер


Балаларды тәрбиелеу бойынша кітаптардан оқыған, құрбы-құрдастарыңыздан естіген, телебағдарламалардан еститін кез келген кеңесті жағдайыңызды бағалай отырып, тиісінше ойланыңыз. Балаңыз үшін сіз және тағы да сіз жауапты боласыз!

Маманға сеніңіз. Егер де сұрақтарыңыз туындаса, сұрап біліңіз, баланы өз бетіңізше емдемеңіз.

Күйеуіңіз жайлы ұмытпаңыз!

Өзіне-өзі сенімді болу үшін күйеуіңізге де уақыт беріңіз, оған да көңіл бөліңіз. Әкесі де балаға қамқорлық жасап, тәрбиелеуге атсалысқысы келеді. Осы жағынан күйеуіңізге көмектесіңіз, бұл кезеңдер ол үшін ауыр болуы мүмкін.

  • Әкесін балаға бірлесіп күтім жасауға қатыстыруға тырысыңыз. Мысалы, көптеген әкелер балаларды шомылдырғанды немесе демалыс күндері балаларымен бірге саябақта серуендегенді ұнатады.

  • Әкесі ұйықтар алдында ертегі айтып береді немесе жексенбі күні түскі ас дайындап жатқан кезде әкесі баламен жарты сағат ойнайды деген сияқты дәстүр қалыптастырыңыз. Біртіндеп әке мен бала арасында өзара әңгімелесу жүйесі қалыптасады, кейінірек ортақ тақырып пен қызығушылықтар пайда болады.

  • Балаға көбіне нұсқаулар бермей, ұсыныс айтуға тырысыңыз, оның пікірін жиі сұрап тұрыңыз, баланың табыстарын бірге талқылаңыз. Егер де бала бір нәрсені дұрыс істемей қалса, сынамаңыз, жай ғана қарапайым нәрселер үшін асыра мақтамау да керек. Ең бастысы – өз баласымен өткізген уақыты үшін әкелерге «баға қоюға» болмайды, өйткені әйелге қарағанда еркектер жаңа рөлге қиындықпен енеді және де сын көтермейді.