Mазмұны

Қосымша тағамды енгізу (6 айдан 1 жасқа дейін тамақтандыру)


Мінеки, балаңыз есейіп, енді қосымша тағамды қажет ететін болды. Ана сүтіне немесе қоспаларға қосымша берілетін тағам қосымша тағам деп аталады. Әдетте қосымша тағам 6 айдан бастап беріледі. 6 айдан бастап балаға ана сүтімен келіп түсетін нәрлі заттар жеткіліксіз болады. Сонымен қатар жаңа дәмдер мен айтарлықтай қою тағам шайнау дағдыларының қалыптасуына, дұрыс тамақтанудың дәм дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Қосымша тағамды енгізудің басты ережелері:

  1. Қосымша тағамды ұсыныстарға сәйкес 6 айдан бастап енгізуге болады.

  2. Жаңа өнімді бала ауырып қалған кезеңде, ыстық ауа райында және профилактикалық екпелерді енгізу (екпеге дейін 2 күн және одан кейін 3-5 күн) кезінде енгізуге болмайды.

  3. Дене салмағының жеткіліксіз болуы немесе дәретке жиі баруы – алғашқы негізгі қосымша тағамды енгізу жайында ойлануға негіз болуы керек. Артық салмақ, іштің жүрмей қалуына бейімділік – мұндай жағдайларда көкөніс езбелерін беруді бастау керек.

  4. Қосымша тағамды енгізу кезеңінде ана сүті немесе қоспа баланың негізгі тағамы болып қала береді.

  5. Қосымша тағамды емшек емізгенге дейін немесе бейімделген қоспа бергенге дейін ұсыныңыз. Баланы бірден қасықпен жегізіп үйретіңіз. Алғашқы қосымша тағам сүт немесе қоспаға қарағанда айтарлықтай қою, консистенциясы гомогенделген болып, біртіндеп қоюлануы тиіс.

  6. Жаңа өнімді ¼-½ шай қасықтан, 5-7 күнде біртіндеп, мөлшерін ұсынылатын тәуліктік мөлшерге дейін ұлғайту керек.

  7. Қосымша тағамды біркомпонентті өнімдерден бастаңыз және де оларды түске дейін берген жөн. Бұл өнімнің жағатынын-жақпайтынын бақылауға көмектеседі.

  8. Жаңа өнімді енгізуді бір түрінен бастап, біртіндеп екі түрдің қоспасына, содан кейін осы топтың бірнеше түріне ауысқан жөн. Мысалы, алдымен біркомпонентті ботқаларды, содан кейін екі дәнді дақылдан дайындалған, ал кейінірек мультидәнді дақыл ботқаларын беріп көріңіз.

  9. Жаңа өнімдерді (2 аптада жаңа түрдің біреуінен артық емес) енгізе отырып, тамақтану рационын біртіндеп кеңейтіңіз. Жағымсыз реакция (терінің қызаруы, дәретінің өзгеруі және т.б.) туындаған жағдайда, өнімді рационнан 1-2 айға алып тастаңыз.

  10. Егер баланың аллергиялық ауруы тұқым қуалайтын болса, тағамдық күнделік жүргізген жөн, онда әрбір қосымша тағамның жаңа өнімін енгізу белгіленеді және баланың жағдайы бағаланады.

  11. Балаға қауіпсіз шикізаттан дайындалған өнімдерді берген жөн, сондай-ақ әртүрлі рецептураның арқасында теңдестірілген нәрлілік құндылығы мен жылдың кез келген кезеңінде тиімді дәм қамтамасыз етіледі.

  12. Шыдамды болыңыз. Кейде балаға тағамның жаңа түрін қабылдауы үшін жаңа тағамды он ретке дейін беру қажет болады.