Mазмұны

Назар аударыңыз: аллергия!


Қазіргі заманда әрбір үшінші бала аллергияның асқыну қаупі жоғары топқа жатады. Өмірінің алғашқы жылында баланың ең басты аллергені – сиыр сүтінің ақуызы болып табылады, оны бала ана сүтінен де, ана сүтін алмастырғыштан да алуы мүмкін. Сондықтан да балаңыздың аллергиясының асқыну қаупі бар ма деген мәселені уақытында анықтаған аса маңызды. Дұрыс тамақтану аллергияның асқыну қаупін төмендетіп, болашақта да аллергиясыз өмір сүруге мүмкіндік береді, кеңес алу үшін маманға жүгініңіз.

Егер баланы емізсеңіз және аллергия белгілері байқалса, өзіңіздің жеке ас мәзіріңізге баса назар аударуыңызға тура келеді. Емізетін әйелдердің тамақтану рационынан қатты аллергендік қасиеттері бар өнімдерді алып тастау керек. Мұндай өнімдерге мыналар жатады: сиыр сүті және сүт өнімдері, шоколад, бал, жаңғақтар, балық және теңіз өнімдері, тауықтың жұмыртқасы.

Баланың жағдайы тұрақтанып, аллергия белгілері жоғалғаннан кейін рационыңызға алынып тасталған өнімдерді енгізіңіз, сондай-ақ тамақтану күнделігін міндетті түрде жүргізіп отырыңыз. Бұл себептік маңызы бар аллергенді анықтауға көмектеседі.

Егер жасанды жолмен тамақтану кезінде баланың аллергиясы байқалса, оған сүт қоспаларының негізін құрайтын сиыр сүтінің ақуызы себеп болуы мүмкін. Мұндай жағдайда балаға гидролизденген (ыдыратылған) ақуыз негізінде дайындалған арнайы тамақтандыру өнімдері қажет болады. Арнайы қоспаны маман ғана белгілей алады.

Егер де баланың ата-анасының немесе бауырлары мен әпкелерінің аллергиялық аурулары (атопиялық дерматит, бронхиалды демікпе, аллергиялық ринит және т.б.) болса, баланың осы сияқты ауруының пайда болу қаупі айтарлықтай жоғары болады. Қауіп жоғары болғанда, емшек емізу мүмкін болмаған жағдайда арнайы гипоаллергенді қоспалар пайдаланылады.

Аллергия қаупін төмендету бойынша қоспалардың әсері иммундық жауаптың дұрыс қалыптасуына ықпал ететін сиыр сүтінің жартылай ыдыратылған ақуызы мен олигосахаридтер кешені сияқты екі негізгі құраушы бөлік есебінен қамтамасыз етіледі.

Маңызды:
Ана сүті – жаңа туылған нәресте үшін ең жақсы тағам.

Гипоаллергенді қоспаларды сиыр сүтінің ақуызы негізді аллергияны тікелей емдеу үшін пайдалануға болмайды. Қоспаны пайдаланар алдында маманмен кеңескен жөн. Бала өмірінің алғашқы жылында сіз баланың болашақ денсаулығының берік іргесін қалайсыз. Сондықтан да осы кезеңде әсіресе, аллергиясының асқыну қаупі жоғары балалардың тамақтануына барынша көңіл бөлу керек. Бала аллергиясының асқыну қаупінің ықтималдылығын тексеру, дұрыс тамақтану жоспарын құру және болашақта оның пайда болуының алдын алу үшін маманға жүгініңіз.

Ана сүті – жаңа туылған нәресте үшін ең жақсы тағам. Балалар қоспасын пайдаланар алдында маманмен кеңескен жөн. *

Аллергияның асқыну қаупі*

* Д.Бусквэт және бірлескен авторлық. Аллергиялық ауруларды сәби кезінде болжау мүмкіндіктері. Өзекті мәселелер. Аллергология, 1983: 43-54 бб. Р.Л.Бергманн және бірлескен авторлық. Кіндік қаны мен отбасы анамнезіндегі IgE антиденелері бойынша ерте жастағы атопия болжамы. Клиникалық эксперименттік аллергология, 1997. 27(7): 752-760 бб. Х.Оделрам және бірлескен авторлық. Жаңа туылған сәбилердің атопиясының асқынуын болжайтын факторлар. Аллергия, 1995. 50(7): 585-592 бб.