Mазмұны

Маститтің/ағу жолдарының бітеліп қалуының қалай алдын алуға болады?


Маститтің/ағу жолдарының бітеліп қалуының қалай алдын алуға болады?

Мастит — бұл емшек тіндерінің қабынуы. Емшек ішіндегі сүттің ағу жолдарының бірінде емшектің дренажына кедергі келтіретін май қалдықтары пайда бола бастаған кезде сүттің ағу жолдары бітеледі. Мұнда да сүттің тұрып қалуының алдын алу үшін пайдаланылатын әдіс-тәсілдерді пайдаланған маңызды. Маститтің тағы бір себебі – емшектің жарылуы салдарынан ауыруы, мұндай жағдайда баланы дұрыс немесе бұрыс емізіп жүргеніңізді міндетті түрде тексеріңіз.

Емшек ұшы ауыруының қалай алдын алуға болады?

Емшек ұшының ауыруының алдын алудағы бірден-бір әрі тиімді тәсіл – баланы бастапқы кезден бастап дұрыс емізу болып табылады. Егер бала емшекті аузына бірінші рет салғанда емшегіңіз ауырса, емшегіңізді алып алыңыз (таза саусағыңызды аузына абайлап салыңыз), содан кейін қайта емізуге тырысыңыз. Бала аузынан емшекті шығарып тастағаннан кейін емшектің ұшы домалақтануы тиіс. Егер емшектің ұшы жалпайып немесе жиырылып қалса, түзеп қою керек, әйтпесе ауырудың асқынуы мүмкін. Емшектің ұшына арналған крем аз-маз жеңілдетуі мүмкін, ал арнайы төсеме тамақтандыру кезінде емшектің ұшын қорғауы мүмкін.

Ескерту: емшектің ұшына арналған төсемелерді пайдалануды бастар алдында медициналық маманмен кеңескен жөн.