Mазмұны

Емшек емізудің артықшылықтары


Ана сүтінің құрамында бала организмінде синтезделмейтін, алайда оның орталық жүйке жүйесінің және көру органдарының (ерекше май қышқылдары – арахидон және докозагексаен) қалыпты дамуына, сондай-ақ ішек микрофлорасы мен иммунитеттің (пребиотиктер - олигосахаридтер) қалыптасуына аса қажет ерекше компоненттер бар. Сондықтан да ана сүті бала өмірінің алғашқы жылында үйлесімді өсіп-жетілуіне аса қажет. Бірегей құрамының арқасында ана сүті емшек емізу кезеңінде баланы барлық қажетті заттармен қамтамасыз етіп қана қоймайды, сондай-ақ асқазан-ішек жолдары мен жүрек-қантамыр жүйесі патологиясының, аллергиялық және инфекциялық аурулардың асқыну қаупін, есейген шағында семіру және қант диабетіне шалдығу қаупін төмендете отырып, ұзақ уақыт бойы қорғайды. Сонымен қатар емшек емізу ана мен баланың арасында ұзақ уақыт бойы сақталатын тығыз эмоционалды байланыс орнатады.

Емшек емізу анаға да пайдалы. Бұл жатырдың көлемін бастапқы (баланы босанғанға дейінгі) көлемге дейін қысқартуға әсер етіп, әйелдің әдеттегі салмағына жылдам келуіне көмектеседі. Емізетін әйелдің сүт безі және аналық без ісінуінің асқыну қаупі төмен болады.