Mазмұны

Дене бітімін дамытуға арналған жаттығулар


«Үлкен-кіші». «Мінеки, біз осындай үлкенбіз» деген кезде қолыңызды көтеріңіз. «Ал енді кішкентаймыз» - жүрелеп отырыңыз. Ырғақты арттыра отырып, «үлкен-кіші» деп бірнеше рет қайталаңыз.
«Күн-түн». «Күн» – жүруге, қозғалуға, таптауға, шапалақтауға болады. «Түн» - бәрі тоқтап, қозғалмауға тырысады.
«Суық-салқын». Баламен бірге кілемге отырыңыз. «Солтүстіктен жел соқты» деген кезде қолыңызды кеудеңізге айқастырып, бір жерге жиналыңыз. «Күн шығып, жылына бастады» деген кезде денеңізді бос ұстап, бет орамалдарыңызбен желпіңіздер.
Отырып-тұру. Аяғыңызды талтайтып тұрыңыз, отырып-тұру кезінде арқаңыз түзу болу керек.
Секіру. «Қоян» – бала құлақ қызметін атқаратын алақанын басына қойып, екі аяғымен секіруі керек.
Жүру. «Көкқұтан» балшықта аяғын жоғары көтеріп жүріп келеді.
Доппен ойнау. «Ұстап ал!» - допты балаға қарай лақтырасыз. «Лақтыр!» – бала допты ересек адамға қарай лақтырады.
Мүсін. Кітапты немесе көлемі орташа қапты баланың басына қояды, осы қалпында бала 1-2 минут жүреді.