Mазмұны

Баланың дұрыс тамақтануы – болашақта дені сау болуының кепілдігі


Ана сүті – жаңа туылған нәресте үшін ең жақсы тағам.

Ана сүті – барлық қажетті тағамдық заттардан тұратын табиғи тағам. Ана сүті бала үшін мінсіз тағам. Оның құрамы сәбидің қажеттіліктеріне қарай және асқорыту жүйесінің қызмет ету ерекшеліктеріне сәйкес үнемі өзгеріп отырады. Ерекше ферментті құрамының арқасында ана сүті баланың асқазан-ішек жолында жылдам әрі толық қорытылып кетеді.

Емшек еметін балалар аса маңызды нәрлілік заттарының бәрін ана сүтінен алады. Гормоналды құрамының арқасында ол туылғаннан кейін сәбидің бейімделу кезеңін оңай өткізуге көмектеседі, сондай-ақ баланың асқорыту жүйелері енді-енді қалыптасып жатқан кезеңде асқорытуды қамтамасыз ететін ферменттердің қайнар көзі болып табылады. Емшек емізу баланың қалыпты өсіп-жетілуін қамтамасыз етеді, оны инфекциялық аурулардан қорғайды және иммунитеттің қалыптасуына көмектеседі.