Mазмұны

Баланың қауіпсіздігі


Мінеки, бүлдіршініңіз де ержетті, енді қоршаған әлемді белсенді түрде зерттеп жүр: еңбектейді, аяғын басып тұрады, үйдің ішінде емін-еркін қозғалады. Баланың үйдегі және көліктегі қауіпсіздігі бойынша бірер қарапайым кеңес.

Үйдегі қауіпсіздік

  • Барлық өткір ұштары бар жерлерге жұмсақ пластиктен дайындалған арнайы қорғаныс бұрыштарын немесе резеңке бекітіп қойыңыз.

  • Есікке, шкафқа және жәшікке еденүсті бұғаттауыштар мен қорғаныс амортизаторларын орнатыңыз.

  • Электр розеткаларына арналған қақпақ орнатыңыз.

  • Үстелдің шетіне ауыр және ірі заттарды, электр құралдарын қоймаңыз.

  • Плитаға арналған қорғаныс экранын сатып алыңыз. Оны шетіне орнатыңыз, сонда бала қайнап тұрған кәстрөлді немесе шәугімді ұстай алмайды. Ыстыққа төзімді мықты пластиктен жасалған экран айтарлықтай мөлдір әрі жеңіл, сонымен қатар ол баланың ыстық заттарды ұстауынан қорғайды. Егер мұндай экран орнатуға мүмкіндігіңіз болмаса, артқы жағындағы оттықтарға дайындаңыз.

  • Пышақ, шанышқы, қайшы және т.б. заттарды алысырақ алып қойыңыз.

  • Баланың тұрмыстық химия, алкоголь, дәрілік заттарды алуына тыйым салыңыз, жәшіктерге арналған құлыптарды пайдаланыңыз.

Көліктегі және даладағы қауіпсіздік

  • Баланы көлікте оның салмағы мен жасына сәйкес келетін арнайы автокресломен тасымалдаған жөн. Автокреслоны өндірушінің нұсқаулықтарына сәйкес орнатыңыз.

  • Кем дегенде бір жасқа дейін бала қозғалыс кезінде арқасымен жатуы тиіс, сондай-ақ баланың басы креслоның жоғарғы бөлігінен биік жатпауы тиіс.

  • Автокресло үшін ең қауіпсіз жер – артқы отырғыш. Егер алдындағы жолаушы отыратын отырғыш қауіпсіздік жастықшасымен жабдықталса, қозғалыс жүрісіне қарама-қарсы орналасқан балалар креслосын алдыңғы отырғышқа мүлдем орнатуға болмайды.

  • Ұзақ сапар барысында 1,5-2 сағат сайын аялдап, баланы креслодан алып тұру керек.

  • Сапар барысында балаға ойыншық бермеген жөн – бала онымен ойнап, ойыншықтарды автокөлік салонына лақтырып өзіне көңіл аудартуға тырысады, бұл жүргізушіні автокөлікті басқарудан алаңдатуы мүмкін.

  • Баламен далада серуендеп жүргенде өте мұқият болыңыз, көшеден өткен кезде жаяу жүргіншілерге арналған жолдан ғана өтіңіз және де көліктердің бәрі тоқтап, сізді өткізіп тұрғанына көз жеткізбей жатып, бала отырған колясканы көліктер өтетін жол бөлігіне ешқашан итермеңіз.

* Ана сүті – жаңа туылған нәресте үшін ең жақсы тағам, бұл аналарға да,балаларға да көптеген артықшылықтар береді. Емшек емізуге дайындалу кезеңінде, сондай-ақ емшек емізіп жүрген кезде ананың пайдалы әрі теңдестірілген тағамды пайдаланғаны аса маңызды. Бала өмірінің алғашқы аптасында емшек емізу мен жасанды жолмен тамақтандыруды үйлестіру ана сүтінің бөлінуін азайтуы мүмкін, ал емшек емізуден бас тарту туралы шешім қабылданғаннан кейін қайтадан емшек емізу қиынға соғады. Балаңыздың тамақтануына байланысты мәселелер бойынша қашанда дәрігерден кеңес алыңыз. Сүт қоспасын пайдаланудың әлеуметтік және қаржылық салдарын ескерген жөн. Қоспаны дұрыс пайдаланбау немесе жарамсыз тағамды пайдалану, сондай-ақ тамақтандырудың тиісті түрде жасалмаған әдістері баланың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Егер сүт қоспасын пайдаланатын болсаңыз, өндіруші көздеген оны пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият ұстанған жөн.