Mазмұны

Баламен бірге серуендеу


Жас ата-аналардың жаңа туылған нәрестені серуендетуге қатысты да көптеген сұрақтары бар.

Бала үшін серуеннің пайдалы екені сөзсіз, бұл әрі таза ауа, әрі денені шынықтыру, әрі рахиттің алдын алу. Серуендеу барысында бала ультракүлгіннің «үлесімін» алады, соның әсерінен организм Д дәруменін өндіріп шығарады.

Серуендеуге қай кезден бастап шығуға болады, баланы қалай киіндіру керек, қанша сағат серуендеу керек, ал егер ауа райы нашар болса ше?

Егер баланың дені сау болса, далада жел жоқ, ауа райы температурасы плюстен жоғары болса, баланы перзентханадан шығара салысымен далаға шығаруға болады. Ал қыста алғашқы рет серуендеуді кейінірек бастаған жөн.

Ауа райы қолайсыз кезде серуендеуге шықпай-ақ қойған жөн. Қыста серуендеуді температура минус 5-тен төмендемеген кезде бастау керек.

Бала бірнеше күн үйде отырса, ештеңе болмайды. Мұндай кезде бөлмені таза ауа райының жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз етіп, тіпті, сықырлаған аязда да жиі-жиі желдетіп тұрған жөн.

Жаңа туылған нәрестенің алғашқы серуені 5-15 минутқа созылады. Әрі қарай бірнеше күн ішінде серуендеу ұзақтығын 30 минутқа дейін созып, баланы күніне 2 рет шығаруға болады.

Жаңа туылған нәрестені серуендеуге міндетті түрде тамақтандырып болғаннан кейін шығару керек.

Бір айға толғанда бала егер ауа райы қолайлы болса, далада күні бойына жүруіне болады. Қыста серуендеудің ұзақтығы 1,5-2 сағатқа созылады, бұл да ауа райына байланысты. Далада қатты боран соғып тұрса немесе температура минус 10 градустан төмен болса, далаға шығудың қажеті жоқ. Айтарлықтай салқын күндері серуендеуді 20-30 минутқа дейін қысқартып, күніне 2-3 рет серуендеу керек. Қатты ыстық кезінде серуендеуге болмайды.

3-4 айында бала таза ауаға күніне 2-3 рет, күніне кемінде 4 сағат шығуы тиіс.

Серуендеу кезінде баланың мұрнына бөкебай тағып, бетін жабудың қажеті жоқ, өйткені біз серуенге шығудағы басты мақсаты – таза ауа жұтуына кедергі боламыз.

Сауда орталықтарында және адамдар көп жиналған жерлерде мүлдем серуендеуге болмайды. Сондай-ақ жол бойынан алысырақ серуендеуге тырысыңыз. Саябақтарда, гүлзарларда, су қоймалары маңында серуендеген абзал.