Mазмұны

Асқорыту мәселелері (іш шаншу, іш жүрмеу, құсу)


Балалар өмірінің алғашқы айларында әртүрлі, маңызды емес, асқорытудың функционалды бұзылуы деп аталатын құбылыс жиі байқалады. Баланың метеоризм (іш кебу) немесе ішектің шаншуы салдарынан мазасыздануы барлық аналарға таныс жәйт. Кейде бала құсады немесе дәреті тұрақсыз болады. Асқазан-ішек жолдарының салдарынан болатын мұндай бұзылулар көбіне уақытша болады және баланың көңіл-күйіне әсер етпейді, алайда бұл ата-ананы алаңдатып, дәрігерге жүгінуге мәжбүрлейді.

Назар аударыңыз: іш шаншу!

Ішектің шаншуы – баланың асқорыту жүйесінің функционалды бұзылу белгілерінің бірі болып табылады. Ішектің шаншу себебі – асқазан-ішек жолы моторикасының бұзылуы, спазм немесе ішекте газ түзілімінің көп болуы мүмкін. Іштің шаншуы баланы өте қатты мазасыздандырады, балалардың аяқтарын қозғалтуы осы құбылысқа тән (ішіне қарай жинап алады). Іш шаншуы 20-30 минуттан бастап бірнеше сағатқа созылуы мүмкін. Баланың асқазан-ішек жолының жетілуіне қарай әдетте, өздігінше жоғалады.

Көп жағдайда іштің шаншуы 3 айға таман басылады, десе де балалардың 10-15%-ында 4-5 айға дейін сақталуы мүмкін.

Балаға қалай көмектесу керек?

Іш шаншуды емдеудің негізгі принциптері – психокоррекция (сабырлық сақтаңыз, баланы тыныштандырып, жағымды эмоция сыйлаңыз) және арнайы (ішті уқалау) күтім болып табылады.

Егер бала емшек еметін болса, тамақтану кезінде емшекті аузына дұрыс салғанын бақылаңыз. Егер бала емшек ему барысында көп мөлшерде ауа жұтып қойса, іштің шаншуына әсер етуі мүмкін.

Емшек емізген жағдайда өзіңіздің диетаңызға назар аударыңыз – рационнан майлы, қуырылған, ащы өнімдер, қойылтылған сорпалар, аллергиялық реакция тудыратын және іштің шаншуына әсер ететін өнімдер алынып тасталуы тиіс.

Егер бала жасанды жолмен тамақтанатын болса, маманға жүгіну қажет, бәлкім, ол іш шаншу қиындықтары кезінде балаларды тамақтандыруға арналған арнайы қоспа беруге кеңес беретін шығар. Мұндай қоспалардың құрамында баланың жағдайын қалыптандыруға көмектесетін пребиотиктер, жартылай гидролизденген ақуыз және басқа да компоненттер болады.

Назар аударыңыз: іш жүрмеу!

Үлкен дәреттің қатты болуы және үлкен дәретке жиі бармау іштің қатып қалуы болып саналады. Сонымен қатар дефекация процесі ұзақ уақыт күшенумен қатар жүреді. Іш жүрмеудің себептері баланың сұйықтықты жеткілікті мөлшерде пайдаланбауы, балалар қоспасын дұрыс дайындамау немесе аздап әлсіздік болуы мүмкін.

Балаға қалай көмектесу керек?

  1. Баланы әрлі-берлі қозғалтыңыз, аяқтарын «велосипед теуіп бара жатқандай» қозғалтыңыз.

  2. Бірнеше минут бойы сағат тіліне сәйкес ішін мұқият уқалаңыз.

  3. Егер бала емшек емсе, ананың диетасын түзету керек: сиыр сүтін аз пайдаланып, көкөніс пен жеміс мөлшерін арттырыңыз.

  4. Егер бала жасанды/аралас жолмен тамақтанатын болса, ішектің жеке пайдалы микрофлорасын арттыруға және дәретті қалыптандыруға әсер ететін пребиотиктер қосылған қоспаларды пайдалану іштің қатып қалуына оң әсерін тигізеді.

  5. Егер бала қосымша тамақ ішіп жүрген болса, рационына дәнді дақыл, көкөніс (гүлді орамжапырақ, брокколи, шпинат), жеміс (қараөрік) өнімдерін көбірек қосыңыз (баланың жасына қарай).

  6. Сұйықтық мөлшерін көбейтіңіз, тамақтандыру арасында, әсіресе күн ыстық кезде қайнақ су беріңіз.

  7. Іш қатуға бейімділік сақталған жағдайда арнайы препараттарды пайдалануға байланысты маманмен кеңескен жөн.

Назар аударыңыз: құсу!

Құсу — ананың жиі тап болатын мәселелерінің бірі. Лоқсудың айтарлықтай көп тараған себебі – тамақтану барысында ауа жұтып қою және шамадан тыс тамақтану. Әдетте, лоқсу тамақтанып болғаннан кейін 15-20 минут өткен соң орын алады, 6 айына таман өздігінен жойылады. Лоқсуға аса қатты алаңдаудың қажеті жоқ, алайда кей-кейде балаға көмектесу үшін белгілі бір іс-шаралар қабылдау қажет.

Лоқсу кезінде не істеу керек?

  1. Назар аудару қажет болатын ең бірінші жәйт – тамақтандыру кезінде бала денесінің қалпы. Баланы отырған қалпында 45-60° бұрышта ұстап отырып емізген жөн.

  2. Баланы тамақтандырып болғаннан кейін кемінде 20-30 минут,яғни ауа шыққанша тік қалпында ұстап тұру керек.

  3. Емшек емізген кезде бала емшектің ұшы мен емшектің айналасындағы шеңберді толықтай аузына салуы тиіс.

  4. Қоспа берген жағдайда емізіктегі қоспаның мөлшеріне назар аударыңыз: емізікте ауа неғұрлым аз болуы тиіс, ол үшін бөтелкені 45-60° бұрышта ұстап тұру керек.

  5. Сәбиді шамадан тыс тамақтандырмаңыз. Әсіресе, аралас тамақтандыру кезінде бала көбіне шамадан тыс тамақтанады. Қосымша тағамға арналған қоспаның мөлшеріне қатысты маманның ұсыныстарын қатаң ұстаныңыз.

Лоқсуға жол бермеудің ең басты әдісі – баланы тамақтандыруды өзгерту. Емшек емізу мүмкін болмай, қоспамен тамақтандыру кезінде лоқсу қиындықтары кезіндегі балаларға арналған арнайы қоспалар қолданылады (тамақтандыру барысында және тамақтандырып болғаннан кейін баланы ұстаудың дұрыс қалпымен қатар). Оң нәтиже болмаған жағдайда маманның егжей-тегжейлі кеңесі, сондай-ақ медикаментпен емдеуі қажет.

Ана сүті – жаңа туылған нәресте үшін ең жақсы тағам. Өнімді пайдаланар алдында маманмен кеңескен жөн. *

Балаңыз арнайы қоспаны қажет ететінін қалай анықтауға болады?

Лоқсу мөлшері Не істеу керек? Балаңыз
Тәулігіне 5 реттен кем құсу, мөлшері 3 мл артық емес Норма шегінде. Баланың тамақ жегеніне және баланың дене қалпына назар аударыңыз. Педиатрдан профилактикалық қоспа ұсынуды өтініңіз
Тәулігіне 5 реттен аса құсу, мөлшері 3 мл артық емес
Тәулігіне 5 реттен аса құсу, қоспаны ішкен мөлшердің ½ дейінгі мөлшері Арнайы қоспаны ұсыныңыз деген ұсыныспен маманға жүгініңіз
30 минут ішінде аздаған мөлшерде құсу және әрбір тамақтанған сайын одан да көбірек құсу
Қоспаның ½ мөлшерінен толық мөлшеріне дейін құсу

Арнайы қоспаға ауысқан кезде мыналарды ескерген жөн:

  1. Лоқсумен күресуге арналған арнайы қоспалардың консистенциясы айтарлықтай қою, сондықтан да сізге жаңа емізік пен бөтелке қажет болады.

  2. Баланың дәреті ашық жасыл түсті болып, айтарлықтай сұйылады. Бұл қалыпты нәрсе.

  3. Қоспаның өзіне тән аздап ащылау-қышқылдау дәмі болуы мүмкін, өйткені оның құрамына ыдыратылған ақуыз енеді. Алаңдамаңыз, бұл қалыпты нәрсе. Балаңыз қышқыл дәмді сезбей қалады, өйткені оның рецепторлары әлі жетілмеген.

Балаға белгілі бір қоспаны белгілеу туралы шешімді маман ғана қабылдайтынын естен шығармаңыз.
Назар аударыңыз: диарея!

Балаларда диарея болған кезде көбіне дәрет сұйық болады. Дәретте шырыш болуы мүмкін. Оның пайда болу себебі – вирустық немесе бактериалды инфекциялар, диарея антибиотиктермен емделу курсынан кейін туындауы мүмкін. Балаларда болатын диареяны асқындыратын себептердің ішінде соңғы орынды ферменттік жүйенің тапшылығы, атап айтар болсақ, лактаза тапшылығы алып тұр.

Дәрігерді қашан шақыру керек?

  • Егер бала 3 айға толмаса, тез арада дәрігерге жүгіну керек!

  • Егер баладан сусыздану (6-8 сағат ішінде кіші дәретке бармау, ауыздағы құрғақтық) белгілері байқалса, дәрігерге жүгіну қажет, әрі қарайғы емделу диареяның туындау себебіне байланысты болады.

  • Егер баланың диареясы жоғары температурамен қатар болған жағдайда. Балада лактазалық тапшылық туындаған жағдайда дәрігермен кеңескен жөн. Егер бала емшек еметін болса, сүттің «екінші үлесін» пайдаланған жөн (сүттің алғашқы үлесімі сүзіледі, лактозаның көп мөлшері (сүт қанты) осы үлесімде болады, бұл 15-20 мл = шамамен 1 ас қасық). Егер белгілері сақталатын болса, сүзілген ана сүтіне қосылатын ферменттерді пайдалану керек (бұл жайында толығырақ дәрігер айтып береді).

Егер емшек емізу мүмкін болмаса және бала жасанды жолмен тамақтанған жағдайда лактозасының мөлшері аз немесе жоқ қоспалар кеңінен пайдаланылады.

Ана сүті – жаңа туылған нәресте үшін ең жақсы тағам. Өнімді пайдаланар алдында маманмен кеңескен жөн. *

Білгенге – маржан!

  1. Жасанды жолмен тамақтану кезінде емізік саңылауының көлемі тиімді болу керек, ең дұрысы қоспа емізіктен сирек тамшылап ағуы тиіс.

  2. Тамақтандырып болғаннан кейін баланы «тік қалпында» ұстап тұру керек, сонда ол жұтып қойған ауаны кекіріп шығарады.

  3. Мазасызданған кезде баланың ішін сағат тіліне сәйкес жеңіл айналдыра уқалаңыз, ішіне жылы жаялық қойыңыз немесе жылы ваннаға түсіріңіз.

  4. Іші қатты кепкен жағдайда газ шығаратын түтікшені немесе ішекте газдың түзілуін азайтатын арнайы препараттарды қолданыңыз.

Маманға жүгіну қажет болатын SOS белгілері:

  • 1. Тамақ ішуге немесе ұйықтауға кедергі келтіретін немесе 7-10 күнге жалғасатын тұмау немесе мұрынның бітелуі
  • 2. Құсумен қатар жүретін немесе ұйықтатпайтын жөтел
  • 3. Ысқырықты дем алу
  • 4. Ерекше шаршау және әлсіздік
  • 5. Диарея немесе құсу
  • 6. Іштің кебуі
  • 7. Тәбеттің төмендеуі
  • 8. Температура
  • 9. Бала құлағын ұстап, тамақтанған кезде жылайды
  • 10.Терінің бөртуі (қызару, терінің қабыршықтануы, бөрту, қышу)
  • 11.Көп мөлшерде жастың ағуы және көздегі жағымсыз сезім түрінде көрініс табатын конъюнктивит.

Жаңа туылған нәрестелерге арналған дәрілер жиынтығы:

  • 1. Арнайы балалар кремі – уқалау үшін қолданылады, жаңа туылған нәрестені шомылдырғаннан кейін оған кремді жағуға болады
  • 2. Шектеулері бар мақта таяқшалары
  • 3. Зарарсыздандырылған мақта
  • 4. Зарарсыздандырылған бинт
  • 5. Кіндігінің жарасын өңдеуге арналған сутек тотығы
  • 6. Денесіндегі қызарған жерлерге жағатын балаларға арналған ұнтақ немесе быламық
  • 7. Шөптер: жаңа туылған нәрестелерді шомылдыруға арналған түймедақ, итошаған
  • 8. Мұрынға тамшы тамызуға арналған тамшуыр
  • 9. Груша – мұрын тазалауға арналған қарапайым немесе арнайы аспиратор
  • 10. Газ шығаратын түтікше
  • 11. Дене қызуын өлшегіш
  • 12. Балаларға арналған ұсақ тарақ/li>
  • 13. Кішкентай қайшы – тырнақ алуға арналған
  • 14. Суға арналған өлшегіш
  • 15. Бөлмеге арналған өлшегіш